.RU

Конкурс өткізу туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

Дата18.02.2017өлшемі55.54 Kb.
«Б» корпусының төменгі болып табылатын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

     


Барлық конкурс қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-R-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



жұмыс тәжірибесі талап етілмейді;

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

С-R-4

min

max

73288

99106


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы, 100015, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 11 А, анықтама үшін телефондар: 8(7212) 42-30-34, 42-08-00, факс: 41-21-79, karaganda.oti.kgi@ minagri.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы- асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторы, (C-R-4 санаты, 1 бірлік, № 11-3).

Функционалдық міндеттері: Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларының негізінде бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-ұстау, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сақтау жағдайларының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететiн малды бағалау және өз төлiнен өсiру жөнiндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары шеңберінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
өткізілетін өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымдық мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дәйектілігін тексеру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдану;
 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастағаны туралы хабарламаларды қабылдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «ауыл шаруашылығы ғылымдары» (мал шаруашылығы өнімдерін өндеу технологиясы (зоотехния) мамандықтары бойынша немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі. ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:

metodicheskie-rekomendacii-mr-9.html
metodicheskie-rekomendacii-muzikalnih-rukovoditelej-doshkolnih-uchrezhdenij-centralnogo-okruga-goroda-moskvi-2011-2012-god.html
metodicheskie-rekomendacii-naseleniyu-gorodskogo-okruga-samara-po-pravilam-povedeniya-v-chrezvichajnih-situaciyah-prirodnogo-stranica-4.html
metodicheskie-rekomendacii-no-vnedreniyu-testirovaniya-v-obrazovatelnij-process-mgg-u-im-m-a-sholohova-stranica-2.html
metodicheskie-rekomendacii-o-poryadke-i-kriteriyah-konkursnogo-otbora-obsheobrazovatelnih-uchrezhdenij-vnedryayushih-innovacionnie-obrazovatelnie-programmi.html
metodicheskie-rekomendacii-o-poryadke-razrabotki-generalnih-shem-ochistki-territorij.html
  • occupation.bystrickaya.ru/obshestvennoe-zdorove-i-zdravoohranenie-dlya-specialnosti-lechebnoe-delo.html
  • studies.bystrickaya.ru/birzha-chast-2.html
  • literature.bystrickaya.ru/centr-gumanitarnih-socialno-ekonomicheskih-i-politicheskih-issledovanij-ii.html
  • institut.bystrickaya.ru/stadii-i-urovni-razvitiya-psihiki-i-povedeniya-zhivotnih.html
  • crib.bystrickaya.ru/issledovanie-sistem-sistemnij-analiz-a-a-shiyan-ekonomicheskaya-kibernetika.html
  • books.bystrickaya.ru/doklad-pravovaya-osnova-sotrudnichestva-mezhdu-pravoohranitelnimi-tamozh.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/razdel-3-pravila-tehnicheskoj-ekspluatacii-zheleznih-dorog-rossijskoj-federacii-v-red-prikazov-mps-ot-03-07.html
  • letter.bystrickaya.ru/metodika-obraz-idealnogo-rukovoditelya1-i-obshie-differencialno-psihologicheskie-aspekti-professionalnoj-deyatelnosti.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/struktura-rabochej-seti-internet-chast-3.html
  • literatura.bystrickaya.ru/rossijskaya-nauchno-prakticheskaya-konferenciya-narusheniya-mozgovogo-krovoobrasheniya-diagnostika-profilaktika-lechenie.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/publichnij-doklad-ob-itogah-deyatelnosti.html
  • spur.bystrickaya.ru/mchs-gotovitsya-k-krupnim-lesnim-pozharam-internet-resurs-nsksibnovostiru-25052011.html
  • literature.bystrickaya.ru/centrobank-snizhaet-stavku-rossijskaya-gazeta-smolyakova-tatyana-24122005-291-str-2.html
  • literatura.bystrickaya.ru/spisok-literaturi-aleksandr-alekseevich-hlevov-predvestniki-vikingov-severnaya-evropa-v-i-viii-vekah-epoha-vikingov.html
  • notebook.bystrickaya.ru/kemerovskaya-oblast-tashtagolskij-municipalnij-rajon-administraciya-tashtagolskogo-municipalnogo-rajona-postanovlenie-stranica-4.html
  • desk.bystrickaya.ru/paspor-tfederalnoj-celevoj-programmi-nauchnie-i-nauchno-pedagogicheskie-kadri-innovacionnoj-rossii-na-2009-2013-godi-naimenovanie-programmi.html
  • crib.bystrickaya.ru/httpwwwdaysrulifelife6457htm-temi-konspekta-1-1-2-i-4-po-bolshej-chasti-otrazheni-v-voprosnike-vnimatelno.html
  • grade.bystrickaya.ru/notes-1-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-anglijskij-yazik-uchebno-metodicheskij-kompleks-sostaviteli.html
  • urok.bystrickaya.ru/prilozhenie-2-serdobskogo-rajona.html
  • college.bystrickaya.ru/-3-vazhnejshie-funkcii-v-teorii-chisel-z-prosto-kak-obekt-prepodnesennij-nam-v-podarok-prirodoj-matushkoj-i-zajmemsya.html
  • letter.bystrickaya.ru/n-p-laverov-direktor-instituta-pochvovedeniya-mgu-akademik.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini-sd-v-strahovanie-predprinimatelskih-riskov-dlya-specialnosti.html
  • reading.bystrickaya.ru/kontrolnaya-rabota-po-discipline-pravovedenie-tema-osnovaniya-prekrasheniya-trudovogo-dogovora-kontrakta.html
  • uchit.bystrickaya.ru/terminologiya-vse-o-dvigatele-postoyannogo-toka-nezavisimogo-vozbuzhdeniya.html
  • bukva.bystrickaya.ru/publikacii.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zhenevskaya-konvenciya-o-statuse-bezhencev.html
  • essay.bystrickaya.ru/carstvo-vozmozhnosti-julia-cameron-the-vein-of-gold-a-journey-to-your-creative-heart.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/ponyatie-menedzhmenta.html
  • lecture.bystrickaya.ru/416-takelazhnik-na-montazhe-5-razryada-spravochnik-rabot-i-professij-rabochih-vipusk-3-razdel-stroitelnie-montazhnie.html
  • school.bystrickaya.ru/analiz-sportivnih-rezultatov.html
  • thesis.bystrickaya.ru/prilozhenie-2-uchebnoe-posobie-rostov-na-donu-2008-soderzhanie-vvedenie-glava-evolyuciya-turizma-klassifikaciya-turizma.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sobranie-v-ierusalimskom-zale-61-opisanie-assamblei-sdelannoe-bejli-63-stranica-8.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/soderzhanie-raboti-klinicheskoe-obosnovanie-i-optimizaciya-sistemi-medicinskih-meropriyatij-v-rannie-sroki-posle-radiacionnih.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/o-provedenii-zaprosa-kotirovok-v-celyah-zaklyucheniya-dogovora-stranica-2.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-radiofizika-i-elektronika-specialnost-010400-fizika-fakultet.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.