.RU

Конкурс өткізетін мемлекеттік орган: Кентау қаласы әкімінің аппараты 160400, Кентау қ., Яссави даңғылы, 87 үй, 108 бөлме

Дата26.04.2017өлшемі90.74 Kb.
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурс өткізетін мемлекеттік орган: Кентау қаласы әкімінің аппараты 160400, Кентау қ., Яссави даңғылы, 87 үй, 108 бөлме. Анықтама үшін телефон: тел.3-56-22; тел/факс 3-16-87, эл.почта: personal_kentau@mail.ru

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-4, E-R-4 санаттарына: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-4

77452

104935

E-R-4

73288

99105

1. Кентау қаласы әкімі аппаратының жалпы бөлімшесінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Функционалдық міндеттері: Қала әкімі аппаратына жоғарғы органдардан, заңды тұлғалардан келіп түскен хаттарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырмаларын тіркеп, есепке алады және мерзімінде орындалуын бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз етеді. Шығыс құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексереді. Қала әкімі аппаратының мөртаңбаларын және «пакеттер үшін» мөрін сақтайды. Ресми бланктерді есепке алып, оны орындаушыға беруді жүзеге асырады және бланктер туралы есепті тапсырып отырады. Аппаратта мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің қорғалуын қолдау мақсатында шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қала әкімінің өкімдері мен шешімдерін, әкімдіктің қаулыларын жауапты орындаушыларға таратады. Келіп түскен құжаттарға сараптама жасап, айлық, тоқсандық, жылдық есептер дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану, саясаттану, журналистика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу жəне құжаттамалық қамтамасыз ету, экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, педагогика жəне психология, қазақ тілі мен əдебиеті, құқық жəне экономика негіздері, филология, аударма ісі, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары.

2. Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің жалақыларын уақытылы есептеп, төлеу; Бөлімнің қаржыландыру өтінімдерін және төлем шоттарын дайындап өткізу; Бөлім және бөлімге бағынысты мекемелердің бюджеттік өтінімдерін және қаржыландыру жоспарларын дайындау; Салық және статистикалық есептіліктерді дайындап, тапсыру; Қала және облыс көлемінде өтетін спорттық жарыстардың қаржыландыру жоспарын жасау; Спорт мектептерінің штаттық кестесінің және тарифтеу тізімінің дұрыс жасалуын қадағалау; Есеп беруші тұлғалардың аванстық есептерін қабылдау; Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасын әзірлеу; Спорт саласы бойынша аумақтық даму бағдарламасын әзірлеу; Бюджеттің орындалуы бойынша есептерді дайындау; Бұйрықтарды дайындау; Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру; 1С бағдарламасында бухгалтерлік есепті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: дене шынықтыру және спорт, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары.

3. Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу, қаржы және коммуналдық меншік секторының бас маманы (Е-R-4 санаты), 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің коммуналдық меншігіндегі мүліктерді түгелдеу, тіркеу, құжаттарын дайындау. Бюджеттік өтінімдерді, қосымша бюджеттік өтінімдерді дайындау, тиісті салалық бөлімдерде, басқармаларда қорғау. Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, тиісті салалық басқармалармен келісу. Бюджеттік бағдарламалардың паспортын әзірлеу, салалық бөлімдерде, басқармаларда қорғау, келісу жұмыстарын атқарады. Көрсетілген жұмыстар бойынша барлық есептіліктерді және тиісті мәліметтерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, су ресурстары және суды пайдалану, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары.

4. Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты), 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қала аумағында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың біріңғай бағдарламаларын жүзеге асыру; кәсіпкерлерге мемлекет есебінен субсидия, грант және микрокредит бөлу бойынша тиісті жұмыстарды атқару; Туризмді және туристік индустрияны қолдау және дамыту. Кентау қаласының 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), стандарттау, сертификаттау және метрология, туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі, логистика (сала бойынша) мамандықтары.

5. Кентау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты), 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Кондоминиум обьектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына; кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады; кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастырады (энергоаудит, жобалау сметалық құжаттамалары, әкспертизадан өткізу) жұмыстарын үйлестіреді; пәтер иелері кооперативін (ПИК) құру жұмыстарын, ұйымдық мәселелерді үйлестіруді қамтамасыз етеді; іс жүргізу жұмыстарын атқарады; №1-ОЛ нысандағы статистикалық есебін жүргізіп, тиісті органдарға тапсырады; бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады; бөлім бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуын бақылайды; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және осыған жалпы мекеме бойынша жауапты болып тиісті жұмыстарды атқарады; лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген басқада міндеттерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқықтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есептік техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, құрылыс-сәулет, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, технологиялық машиналар және жабдықтар, жылу энергетикасы, электр энергетикасы мамандықтары.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi - хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнннен бастап 3 жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясы құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz



Кентау қаласы әкімдігінің сайты: www.e-kent.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:

metodicheskie-rekomendacii-krasnij-yar-2009-soderzhanie-aktualnost-ispolzovaniya-ikt-v-sovremennom-obrazovatelnom-processe-3-vozmozhnosti-i-preimushestva-mediaurokov-4.html
metodicheskie-rekomendacii-kurdina-n-a-direktor-shkoli-9.html
metodicheskie-rekomendacii-laboratornih-zanyatij-dlya-studentov-2-kursa-mediko-psihologicheskogo-fakulteta-vvedenie-v-normalnuyu-fiziologiyu-fiziologiya-krovi.html
metodicheskie-rekomendacii-metodicheskie-aspekti-sovershenstvovaniya-vospitatelnoj.html
metodicheskie-rekomendacii-metodicheskie-rekomendacii-po-provedeniyu-kursa-po-viboru.html
metodicheskie-rekomendacii-metodicheskie-ukazaniya-i-programma-dlya-podgotovki-k-vstupitelnomu-ekzamenu-v-aspiranturu.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/referat-po-discipline-bezopasnost-zhiznedeyatelnosti-na-temu-vulkani-i-ih-porazhayushie-faktori-pravila-bezopasnogo-povedeniya-pri-izverzhenii-vulkanov.html
  • grade.bystrickaya.ru/o-bogatstve-i-socialnoj-pomoshi-rossiyu-normalnoj-stranojj-versiya-3-iyunya-2002-g.html
  • tests.bystrickaya.ru/kompleksnaya-programma-socialno-ekonomicheskogo-razvitiya-lezhnevskogo-municipalnogo-rajona-ivanovskoj-oblasti-na-2011-2013-godi-soderzhanie.html
  • tests.bystrickaya.ru/kompressornaya-stanciya-pravo-zaklyucheniya-dogovora-servisnogo-obsluzhivaniya-i-remonta-sredstv-izmerenij-i-promishlennoj.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-r-dekart-metodicheskoe-somnenielit-uchebnoe-posobie-dlya-aspirantov-i-soiskatelej.html
  • klass.bystrickaya.ru/a-n-leontev-izbrannie-psihologicheskie-proizvedeniya-stranica-4.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vozdejstvie-neustojchivoj-antropogennoj-deyatelnosti-na-morskoe-i-pribrezhnoe-bioraznoobrazie.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/azastan-respublikasini-kmet.html
  • shkola.bystrickaya.ru/metodiki-rozslduvannya-hulganstva-chast-4.html
  • klass.bystrickaya.ru/532dostupnoe-i-kachestvennoe-zdravoohranenie-aktualnost-strategii-razvitiya-strani.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sorta-otechestvennoj-selekcii-katalog-sortov-uzambarskih-fialok-i-drugih-gesnerievih-na-2011-god.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-14-kompyuternaya-vojna-kratkoe-soderzhanie-vvedenie-marketing-eto-vojna-sut-marketinga-segodnya-zaklyuchaetsya.html
  • credit.bystrickaya.ru/otpusk-v-trudovom-prave-chast-2.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vneshnie-i-vnutrennie-faktori-krizisnogo-spada-proizvodstva.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/nevinnomissk-3-marta-2009-g-tom-v-ii-i-estestvennie-i-prikladnie-nauki-nevinnomissk-2009.html
  • universitet.bystrickaya.ru/tematicheskij-katalog-ukazatel-mrb-za-19641967-gg-ukazatel-opisanij.html
  • tests.bystrickaya.ru/metodicheskie-rekomendacii-po-podgotovke-kursovih-i-diplomnih-rabot-petrozavodsk.html
  • shkola.bystrickaya.ru/publichnij-doklad-municipalnogo-doshkolnogo-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya-stranica-4.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/slishashaya-ruka-pianista-aktualnie-problemi-visshego-muzikalnogo-obrazovaniya.html
  • occupation.bystrickaya.ru/ocenka-rezultativnosti-programma-razvitie-potrebitelskogo-rinka-i-sferi-uslug-v-krasnochetajskom-rajone-na-2011-2020.html
  • lesson.bystrickaya.ru/organizaciya-kassovih-operacij-v-organizaciyah-roznichnoj-torgovli.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tema-g-h-andersen-romashka.html
  • shkola.bystrickaya.ru/sovremennie-sredstva-orgtehniki-chast-4.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/osnovnie-psihologicheskie-osobennosti-lichnosti.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/vznosi-po-travmatizmu-novij-poryadok.html
  • knigi.bystrickaya.ru/semejnie-polozheniya-roga-i-kopita-yumor-nachala-konca-proshlogo-veka-po-materialam-kluba-12-stulev.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/ris-7-5-vneshnij-vid-kondensatorov-postoyannoj-emkosti-brodskij-bitovaya-radioapparatura-1980.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-4-analiz-sostoyaniya-kompanii-strategicheskij-menedzhment.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/istoriya-nalogooblozheniya.html
  • report.bystrickaya.ru/gosudarstvennoe-stimulirovanie-investicionnogo-processa-opit-ssha-i-yugo-vostochnoj-azii.html
  • bukva.bystrickaya.ru/oglavlenie-m-k-lyubavskij.html
  • essay.bystrickaya.ru/dalin-mi-nachnem-ponimat-chto-mi-zakazivaem-kogda-u-nas-budet-klassifikator-uslug-vot-togda-mi-nachnem-eto-ponimat-starodubrovskaya.html
  • credit.bystrickaya.ru/polozhenie-obshestva-v-otrasli-3-prioritetnie-napravleniya-deyatelnosti-obshestva-4.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prilozhenie-5-rasporyazhenie-ot-30-01-2012-goda-5r-oprovedenii-repeticionnogo-ekzamena-po-matematike-dlya-podgotovki-vipusknikov.html
  • abstract.bystrickaya.ru/35analogovie-vihodi-stucke-elektronik-gmbh-ustrojstvo-upravleniya-i-zashiti-elektroenergeticheskih-ustanovok.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.