.RU

Кодексі «алтын ережелер»

Дата07.09.2017өлшемі130.4 Kb.







«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасының 2015 жылғы шешіміне, № хатта № 1 қосымша





ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КОДЕКСІ

«АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕР»

Астана қ. 2015 жыл



1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Кіріспе


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салаларындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ қызметкерлерінің кодексі «Алтын ережелер» (бұдан әрі - Кодекс) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы саясатына, корпоративтік қағидаларына, Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салаларындағы заңнамаларына және Еңбектің қорғалуын басқарудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі - ЕҚББЖ) сәйкес келеді.

Мақсаттары

Қазақстан Респубикасының заңнама талаптарына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық талаптарға сәйкес ҚМГ-ның қызметтерін жүзеге асыру.

ҚМГ-ның қызметкерлері және мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері арасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салаларындағы мәдени қарым-қатынастарын көтеру.

Міндеттері

ҚМГ-ның осы кодексінде тәртіптер туралы нұсқаулықтар мен ҚМГ объектілерінде оны қолдану тәсілдері көрсетілген.



Қолданылу саласы

Осы Кодекс ҚМГ барлық қызметкерлеріне арналған және оны орындау оларға міндеттеледі. Мердігерлік және сервистік ұйым қызметкерлері үшін Кодекс талаптарын орындау бойынша міндеттер олармен жасалған шарттың негіздерінде жүктеледі.

ҚМГ компания топтары жетекшілеріне мынадай ұсыныс беріледі:


  • Осы Кодекске сәйкес осыған ұқсас Кодексті немесе басқа да ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту немесе сәйкес қолданыстағы ішкі құжаттардың өзектілігін арттыру;

  • ҚМГ-ның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты құрылымдық бөлімдерімен келісімдеу бойынша айырықша жұмыстардың ерекшеліктері және жергілікті жағдайларды назарға ала отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өзінің ережелерін қабылданған тәртіптерде әзірлеу және бекіту. Сонымен бірге ол ережелер осы Кодексте көзделген талаптарды азайту қажет емес.




  1. АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



ҚМГ

-«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

ҚМГ компания топтары

- Дауыс беру акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «ҚазМұнайГаз» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі ҚМГ және заңды тұлғалар, сонымен бірге қызметтерін ҚМГ бақылауға құқылы заңды тұлғалар

ЕҚОҚД

- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті

ЕжҚОҚ

- еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

Мердігер ұйымдар (мердігерер)

- ҚМГ-мен жасалған мердіерлік шарт бойынша белгілі бір жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар.

Объект

- құрамдарына қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық қондырғылар, қауіпті өндірістік обеъктілер, станциялар, қондырғылар, жабдықтар, темір жолдар, жолдар, ғимараттар, құрылыстар, ғимараттар, көлік құралдары, арнайы техникалар аумақтар мен басқа да инженерлік құрылыстар кіретін өндірістік алаңдар.


3. ЖАУАПКЕРШІЛІК

ҚМГ және оның қызметтік блоктары басшылары, сонымен бірге ҚМГ-ның құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері ҚМГ және оның мердігер ұйымдары қызметкерлерінің осы Кодекстің талаптарын орындауына бақылау жасауға және орындалуына, оның енгізілуіне және оларды Кодекспен таныстыру үшін жауапкершілік алады. ҚМГ-ның басшылары басқаларға Кодекс талаптарын орындауда үлгі болуы тиіс.

ҚМГ және оның қызметтік блоктары басшылары, сонымен бірге ҚМГ-ның құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері мердігерлік/сервистік ұйымдармен қызмет көрсетуге шарт жасалған кезінде осы Кодекс талаптарымен таныстыруға және қызмет көрсету уақыттарында ол талаптардың олардың сақтауын қамтамасыз етуге жауапкершілік алады.

ҚМГ ЕжҚОҚ департаментінің жетекшісі осы құжаттың маңыздылығын қолдау үшін жауапкершілік алады.

ҚМГ қызметкерлері өзінің еңбектік қызметтері барысында осы Кодекстің талаптарын сақтауға міндетті.

Осы Кодексті сақтау туралы мердіерлік ұйымдары қызметкерлерінің жауапкершілігі шарттық міндеттемелер негіздерінде реттеледі. Ол үшін, ҚМГ компания топтары басшылары қызмет көрсетуге немесе жұмысты орындауға шартты орындау кезінде мердігер ұйымдарға арналған осы міндеттерді анықтап көрсеткені үшін жауапкершілік алады.



4. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕ

4.1. ҚМГ-ның алтын ережелері.

ҚМГ-ның «алтын ережелері» - бұл жетекші мұнайгаз компанияларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы озық халықаралық тәжірибелері негіздерінде әзірленген, жұмысты қауіпсіз орындаудың ең негізгі талаптары. Сонымен қатар ҚМГ компания топтарында орын алған жазатайым оқиғалар, төтенше жағдайлар мен авариялар туралы ақпараттарды талдау барысында жасақталған ережелер.

Кодекстің талаптары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау салаларындағы халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамаларының бекітілген талаптарына толық көлемде сәйкес келеді.

Бұл Кодекстің талаптары түрлі үлгілердегі өндірістік жұмыстардың негізгі қауіпсіздік қағидаларын сақтаудан бас тартқызбайды, ол оған қосымша ретінде болып есептеледі.



4.1.1. Көшбасшылық.

ҚМГ барлық қызметкерлері еңбекті қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігі мәселелерінің көріністерін жеке іс-әрекеттерімен көрсетулері тиіс.

ҚМГ және оның қызметтік блоктары басшылары еңбекті қорғау, өндірістік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, оның ішінде жұмыстардың қауіпсіз орындалуын бақылау және ұйымдастыру, жоспарлау процестеріне тікелей араласу арқылы өзінің көшбасшылық рөлін танытады.

4.1.2. Қауіпсіз өндірістік жұмыстардың жалпы талаптары.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау салаларындағы қағидалар мен ҚМГ-да бекітілген құжатталған ішкі процедураларды, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын мүлтіксіз орындауы қажет.

Барлық жұмыстар келесі шарттарды сақтау кезінде орындалуы тиіс:


  • жұмысты бастар алдында барлық зиянды және қауіпті факторларды талдаудан өткізуді жүргізу және оны жұмысты орындаушыға дейін жеткізу және мүмкін болатын оқиғаларды ескерту және олардың ықтимал ауыр зардаптарын төмендету бойынша қажетті іс-шараларын орындау.

  • жұмысты бастар алдында авариялық оқиғалар, өрт туындаған жағдайлардағы әрекеттер анықтау;

  • қауіптілігі жоғары жұмыс орындарында сәйкес үлгілерде наряд-рұқсаттар рәсімделуі, жұмыс жүргізілетін аумақтар белгі беру ленталарымен және/немесе қауіпсіздік белгілерімен көрсетілуі тиіс;

  • жұмысты орындаушылар өндірістік жұмыстарды қауіпсіз тәсілдермен жүргізу, өндірістік және өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша арнайы оқулардан өткен, жұмысты орындауға жарамды және сәйкес біліктілігі бар болуы;

  • қызметкерлер нұсқаулықтан өткен және жұмысты қауіпсіз орындау бойынша нұсқаулықпен танысқан;

  • жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары әлеуетті қауіптілікті есепке ала және объектідегі өндірістік жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес қолдану;

  • жұмыс жасауға алкоголь немесе есірткі заттарын пайдаданалып мас күйде тұрған, сонымен бірге денсаулығы бойынша жұмыс жасауға жарамсыз азаматтарды жіберуге жол бермеу;

  • жұмыс жүргізу орындарына атаған жұмыстарды орындауға байланысы жоқ тұлғалардың кіруіне жол бермеу;

  • ҚМГ қызметкерлері алғашқы көмек көрсету бойынша ережелермен танысқан;

  • нақты жұмыс түрлері үшін жарамды қауіпсіздік жабдықтары, механизмдері, құралдары мен қондырғылары және олардың ақаусыз болуы.

4.2. Жекелеген жұмыс түрлері өндірісінің техникалық қауіпсіздіктері.

Төменде айтылған талаптар, өндірістік жұмыстарының жалпы қауіпсіздік қағидаларына толықтыру болып табылады.



4.2.1. Жұмысқа дайын болу.

ҚМГ-дың негізгі қағидаларының бірі жұмыс орындарында салауатты өмір салтын қолдау, сонымен бірге қызметкерлердің денсаулығына өндірістік жұмыстардан қандай да бір кері зардаптарды болдырмауды қамтамасыз ету.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • Өзінің басшысына жұмысты бастар алдында қатты күйзеліс немесе ағзаның шаршауымен байланысты, денсаулыққа қатысты қандай да бір проблемалардың бар екендігін, яғни сіз жұмыс жасауға қабілетсіз (дайын емес) екендігіңіз жөнінде хабар беру.

  • Сіздің жұмысыңызға әсер етуі мүмкін, тұтынып жүрген дәрі-дәрмектер жөнінде өзіңіздің басшысңызға хабарлау. Күдіктенген жағдайда медициналық қызметкермен кеңес жүргізу қажет.

  • Дірілдеуші құралдардың шектен тыс қатты дірілдің әсерлерінен аулақ болу, ұзақ уақыт бойы шулы немесе шектен тыс шулы жерлерде болмауға тырысу, мерзімді түрде демалып отыру, профилактикалық процедураларды жүргізу және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.

  • Экстрималды ауа-райы жағдайлары әсерлерінен аулақ болу. Жұмыс сағаттарын, қорғаныс кедергілерін (бөгеттер) және жеке қорғаныс құрарларын есепке алу.

  • Алкогольдік, есірткілік және психотроптық заттарды таратпау, сатпау, сақтамау және оларды тұтынбау.

  • Егер сіз алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды тұтынудың куәгері болсаңыз іске араласыңыз және ескертулер жасаңыз.

4.2.2. Көлікті жүргізу кезіндегі қауіпсіздік.

Көлік құралдарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік туралы ескертпені ешқашанда ұмытпаңыз.

Барлық көлік құралдарын пайдаланылуы кезінде келесі тәртіптерді сақтау тиіс:


  • Көлік құралдары рейс алдындағы тексеруден және мерзімді техникалық қызмет көрсетулерден өткізілген.

  • Жолаушылар саны мен тасымалданатын жүктердің сипаттары көлік құралдарын өндіруші-зауыттың техникалық шарттарына сәйкес келеді.

  • Жүргізуші рейс алдындағы медициналық тексеруден өткен, медициналық қарсы көрсетілімдеріжоқ, алкоголь, есірткі және психотроптық заттар немесе медициналық препараттар әсерлерінде жүрген жоқ және шаршау белгілері жоқ.

  • Қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған, олар пайдалануға дайын және жүру кезінде жүргізуші мен барлық жолаушылар белдікті тағып алған.

  • Көлік құралдарын басқару уақытында жол қозғалысы жылдымдығын және ауа-райының жағдайларын назарда ұстаңыз.

Көлік құралдарын басқару кезінде тыйым салынады:

  • Ұялы байланыс құралдарын (ұялы телефон, пейлдер т.с.с) пайдалануға;

  • Бекітілген жүру жылдамдығын асыруға.

  • Өшіріліп тұрған жақын жарық фаралары немесе күндіз жүру оттарымен басқару.

4.2.3. Қауіптілігі жоғары жұмыстарға наряд-рұқсат.

Қауіптілігі жоғары жұмыстар тек қолданыстағы наряд-рұқсаттармен ғана жүргізілуі тиіс. Наряд-рұқсат сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажетті әрекеттерді сипаттайды.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • Наряд-рұқсат мазмұнын түсіну және олардың талаптарын орындауға.

  • Наряда-рұқсаттың әрекет ету мерзімінің өтіп кетпегендігіне көз жеткізу.

  • Жұмыстарды орындауға арналған барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы жұмыстарды орындауға жауапты немесе тікелей басшылықтан растамалар алу.

Жұмыстарды орындау үшін жауапты тұлға немесе жетекшілер міндетті:

  • Орындалатын жұмысқа наряд-рұқсаттар қажет етілетіндгіне көз жеткізу.

  • Жұмысты бастар алдында жұмыс орнының тексерілгендігіне көз жеткізу.

  • Орындалатын жұмыстың қауіпсіздігін наряд-рұқсат қалай қамтамасыз ететіндігін түсіндіру.

  • Наряд- рұқсатқа қол қойылғандығына көз жеткізу.

  • Жұмысты қауіпсіз жүргізуге көз жеткізу.

  • Тапсырмалар мен жағдайларын өзгерген кезде жаңа наряд-рұқсатты алу.

  • Жұмыстардың аяқталғандығына көз жеткізу.

4.2.4. Энергия көздерін оқшаулау.

Энергия көздерінің кез келген түрлерінің (электрлік, термикалық, гидраваликалық, пневматикалық, механикалық т.с.с.) әсерлерінде тұратын жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында барлық энергия көздерінің оқшауландырылғандығына көз жеткізу қажет және міндетті түрде жеке қорғаныс құралдары мен қорғаушы жабдықтарды пайдалану қажет.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • әрбір нақты жағдайларда қандай қорғанымс құралдарын пайдаланау қажеттіліктерін түсіну.

  • қондырғыларды блоктау және қажетті ажыратуларды орындау үшін өндіріс жұмыстары үшін жауапты тұлғадан немесе тікелей басшылықтан растамаларды алу.

  • жұмыстарды орындауға арналған қауіпсіздіктер бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдау туралы өндіріс жұмыстары үшін жауапты тұлғадан немесе тікелей басшылықтан растамаларды алу.

Жұмыстарды орындау үшін жауапты тұлға мен жетекші мыналарға міндетті:

  • Барлық энергия көздерінің ажыратылғандығына, ажырату нұктелеріндегі ескертту кестелерімен бірге сәйкес блоктаулардың қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізу.

  • Қалдық энергиялардың болмауына көз жеткізу.

  • Жұмысты қауіпсіз жүргізуге көз жеткізу.

Жабдықтардағы барлық жұмыстарды толық орындағанға дейін энергия көздеріне жабдықтарды қосуға және ескерту белгілерін, блоктауларлы алып тастауға (ажыратуға) тыйым салыналы.

4.2.5. Тұйық кеңістікте жұмыс жасау.

Тұйық кеңістік – бұл барлық жағынан тұйықталған, кірулер мен шығулар қиындатылған немесе шектелген және олар арқылы жылдам өтуге кедергілер бар орындар. Мәселен: резервуарлар, сыйымдылықтар немесе құбыр желілері. Тұйық кеңістікте жарылысқа қауіпті, улы газ немесе басқа да қауіпті заттар, сүріну және құлау қауіптерін күшейтетін заттар кездеседі, оттегінің мүлде аз деңгейде болуы. Тұйық кеңістікте өндірістік жұмыстарды бастардың алдында наряд-рұқсатты рәсімдеу қажет.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • Жұмыстарды орындауға жауапты тұлғадан немесе тікелей басшылықтан жұмыстарды орындауға арналған барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы растамалар алу.

  • Жұмысты орындаушыдан, сіз тұйық кеңістікке кіре алатындығыңыз туралы растама алу.

  • Наряд-рұқсатта көрсетілген барлық талаптарды сақтау.

Жұмысты орындаушылар міндетті:

  • Тұйық кеңістікке кіруге рұқсат беруге және бақылауға.

  • Тұйық кеңістіктегі қызметкермен байланыс құралдарының болуы.

Жұмыстарды орындауға жауапты тұлға мен жетекшілер міндетті:

  • Наряд-рұқсатта көрсетілген талаптар сол орындарда қолданылғандығына көз жеткізу.

  • Газды ортаға талдау жүргізілгендігіне және ол наряд-рұқсатта көрсетілгендігіне көз жеткізу.

  • Жұмыстарды орындау қауіпсіз екендігіне көз жеткізу.

4.2.6. Биіктікте жұмыс жасау.

Биіктікте жұмыс жасау кезінде құлап кетуден қорғау үшін тиісті шараларды қабылдау қажет. Қауіпсіздік мақсаттары ретінде 1,3 метрден артық биіктіктен құлау қауіптері бар, қорғалған аумақтардан тыс жерде жұмыс жүргізу кезінде құлаудан қорғайтын қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Қорғалатын аумақтарға құрылыс ағаштары, таянышты сатылар мен бесікшелі көтергіштер кіреді.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • Қорғалған аумақтар аясынан тыс биіктіктегі жұмыстарға рұқсаттар алу.

  • Жоғарыда жұмыс жасау кезінде сақтандыру жабдықтарының түрлерін білу және оларды пайдалана білу.

  • Жабдықтарды пайдаланар алдында тексеру.

  • Қорғалған аумақтар аясынан тыс биіктіктегі жұмыстар кезінде әрқашан қауіпсіздік белбеуін тағып жүру.

Жұмыстарды орындауға жауапты тұлға мен жетекшілер міндетті:

  • Биіктікте жасалатын жұмыстарды орындауға қауіпсіз екендігіне көз жеткізу.

4.2.7. Қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтар.

Қызметкерлер, қозғалатын және қысым үстіндегі жабдықтардан қауіпсіз ара қашықтықта тұрулары қажет. «Қауіпті аумақта» жұмыс жүргізу, қысым үстіндегі жабдықтардың (мәселен, айналып тұратын механизмдер, қысым үстінде жұмыс жасайтын жабдықтар немесе электрлік құралдар) немесе қозғалатын жабдықтардың (мәселен, крандар мен басқа да көлік құралдары) қасында болу қауіпті болып табылады.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • Тікелей басшымен немесе жұмыстарды орындауға жауапты тұлғамен бірге барлық қажетті сақтық шаралары нақтыланғандығына көз жеткізу.

  • Жабдықтардың жұмыстары үшін жауапты немесе белгі берушінің нұсқаулықтарын орындау.

  • Кіруге шектеулі аумақтарға кіру және ол жерде жұмыс жүргізу қауіпсіз екендігіне жауапты тұлғалардан растамалар алу.

  • Қозғалатын көлік құралының жүргізушісі сізді көріп тұрғандығына көз жеткізіңіз.

Жұмыстарды орындауға жауапты тұлға мен жетекшілер міндетті:

  • Қауіпті аумаққа кіру кезінде шектеулер мен кедергілердің қойылғандығына, ақпараттық кестелердің орнатылғандығына көз жеткізу.

  • Тек ғана уәкілеттендірілген қызметкерлер ғана шектеулі аумақта жұмыс жасайтындығына көз жеткізу.

  • Қызметкерлер арасындағы белгі беру құралдары мен байланыс әдістері келісілгендігіне және олар әрқайсысына түсіністі екендігіне көз жеткізу.

  • Жұмыс аумағының жеткілікті деңгейде жарықтандырылуына және/немесе қызметкерлерді арнайы киімі арқылы барынша жылдам тану мүмкіндіктерінің жеткілікті болуына көз жеткізу.

4.2.8. Жүк көтеру жұмыстары.

Крандарды, жүкшығарларды, механикалық көтергіш қондырғылар, жүкті қармаушы тетіктерді қолданатын жүк көтергіш жұмыстар жарақат алуға қауіпті әлееуетті көздер болып табылады.

Барлық қызметкерлер міндетті:


  • Жүк көтергіш жабдықтар мен көтеру әдістерімен жүргізілетін жұмыстардың қауіптерін бағалауды уәкілетті тұлғаның жүргізгендігіне көз жеткізу.

  • Жұмысты жүргізушілердің (кран операторлары, арқандаушы т.б.) біліктіліктері жетілдірілген және оқытылған.

  • Жүк көтергіш жабдықтардың және механизмдердің техникалық ақаусыз, тексерілгендігіне және пайдалануға рұқсат етілгендігіне көз жеткізу.

  • Жүк көтергіш және жүк қармағыш жабдықтардың жүктемелері рұқсат етілген мөлшерден жүктің салмағы аспайтындығына көз жеткізу.

  • Жүк көтергіш жабдықтарға барлық қауіпсіздік қондырғыларының орнатылғандығына, олардың дұрыс жұмыс жасайтындығына көз жеткізу.

  • Жүк көтергіш және жүк қармағыш жабдықтармен әрбір жүк көтеру операцияларын орындау алдында жалпы шолулық тексерулерді жүргізу.

  • Тек белгі беретін жилетттерде ғана жүк арқандау жұмыстарын жүргізу;

  • Жұмыс жасайтын аумақтар қоршалған және барлық қажетті белгілер қойылғандығына көз жеткізу.

5. Қорытынды ереже.

5.1. Кодексті бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу ҚМГ Басқармасының құзыретіне жатады.



5.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамаларына немесе Еңбектің қорғалуын басқарудың бірыңғай жүйесіне жекелеген нормаларына өзгерістер енгізу нәтижелерінде онда қандай да бір қайшылықтар болса, осы Кодекс нормалары күшін жояды және Кодекске тиісті өзгерістер енгізгенге дейін ҚМГ қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын және Еңбектің қорғалуын басқарудың бірыңғай жүйесін басшылыққа алады.



Достарыңызбен бөлісу:

komanda-moroz-viktor-stesik-n-v-dajdzhest-moj-minsk-interesnie-fakti-letnego-minska-sostavil-moroz-viktor-novost-ot-25-iyunya-2006.html
komanda-pravitelstvo-gajdara-prinyalo-stranu-v-nerabochem-sostoyanii-vekonomike-ostanavlivalis-materialno-veshestvennie.html
komanda-visshih-menedzherov-otchet-po-kejs-stadi-na-oao-kombinat.html
komandi-i-zapishite-na-listah.html
komandi-saperov-podrivnikov-sozdani-dlya-borbi-s-pavodkami-v-vostochnom-voennom-okruge-informacionnoe-agentstvo-ria-novosti-27032012.html
komandi.html
  • knigi.bystrickaya.ru/spravka-o-nalichii-uchebnoj-uchebno-metodicheskoj-literaturi-i-inih-bibliotechno-informacionnih-resursov-i-sredstv-obespecheniya-obrazovatelnogo-processa-neobhodimih-dlya-realizacii-zayavlennih-k-licenzirovaniyu.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/preduprezhdenie-prestuplenij-sovershaemih-v-ekstremalnih-situaciyah.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-f-tpu-1-2101-ministerstvo-obrazovaniya-i-nauki-rossijskoj-federacii.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/sabati-ds-filosofiya-turali-pkr-alisu-sabati-zhospari-filosofiyani-pajda-bolui-zhne-zertteu-obekts.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/didaskologiya-chast-9.html
  • holiday.bystrickaya.ru/oblastnaya-celevaya-programma-po-okazaniyu-sodejstviya-dobrovolnomu-pereseleniyu-vchelyabinskuyu-oblast-sootechestvennikov-prozhivayushih-za-rubezhom-na20112012-godi-pasport-stranica-5.html
  • tasks.bystrickaya.ru/27-testi-dlya-samokontrolya-po-discipline-problemi-socialnoj-raboti-s-molodezhyu.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-discipline-opd-r-02-vneshneekonomicheskaya-deyatelnost.html
  • writing.bystrickaya.ru/malchik-u-hrista-na-elke-kak-svyatochnij-rasskaz-v-tvorchestve-fm-dostoevskogo.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/lyuboj-v-uchkuduke-rasskazhet-starik.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/s-pecvipusk-k-zasedaniyu-kruglogo-stola-malij-i-srednij-biznes-v-usloviyah-krizisa-finansovie-vozmozhnosti.html
  • knigi.bystrickaya.ru/spisok-literaturi-dlya-dopolnitelnogo-chteniya-raboti-obshego-haraktera-burishkin-p-a-moskva-kupecheskaya-lyuboe-izdanie-istoriya-gosudarstva-rossijskogo-zhizneopisaniya-xix-vek-pervaya-polovina-m1997.html
  • grade.bystrickaya.ru/mezhdunarodnie-meropriyatiya-2011-2013-gg-obrazovaniya-nauki-i-innovacij.html
  • studies.bystrickaya.ru/kachestvo-i-konkurentosposobnost-produkcii-2.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-po-istorii-dlya-gimnazii-1-istoriya-v-osnovnoj-shkole-i-gimnazii.html
  • spur.bystrickaya.ru/koncepciya-modernizacii-rossijskogo-obrazovaniya-na-period-do-2010-goda-11-stranica-40.html
  • abstract.bystrickaya.ru/3-metodicheskie-rekomendacii-po-izucheniyu-disciplini-rabochaya-programma-uchebnoj-disciplini-dogovornoe-pravo.html
  • turn.bystrickaya.ru/otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-deyatelnosti-stranica-7.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodicheskoe-posobie-po-samostoyatelnoj-rabote-dlya-studentov-obuchayushihsya-po-specialnosti-030501-yurisprudenciya.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glyanenko-as-arhangelskij-ai-tezisi-dokladov.html
  • holiday.bystrickaya.ru/o-tehnicheskaya-konferenciya-otechestvennie-razrabotki-v-oblasti-geodezii-i-kartografii-i-ih-primenenie-v-hozyajstvennoj-i-oboronnoj-deyatelnosti-strani-posvyashenn.html
  • notebook.bystrickaya.ru/klassnij-chas-o-vrede-narkotikov-dlya-6-klassa.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tema-4-osnovnie-napravleniya-sovershenstvovaniya-metodiki-ocenivaniya-obrazovatelnih-rezultatov.html
  • notebook.bystrickaya.ru/intellektualno-tvorcheskaya-igra-kontakt-e-l-rodionova-redakcionnayakollegiya.html
  • desk.bystrickaya.ru/p-a-lebedev-2012.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/statisticheskij-analiz-tamozhennih-platezhej-na-primere-dalnevostochnogo-tamozhennogo-upravleniya.html
  • control.bystrickaya.ru/dostizheniya-musulman-v-nauke.html
  • spur.bystrickaya.ru/konspekt-vneklassnogo-meropriyatiya-po-russkomu-yaziku-i-literature-erudit.html
  • esse.bystrickaya.ru/rabochaya-uchebnaya-programma-po-kursu-informatika-i-ikt.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zadachi-uroka-obuchayushaya-formirovat-umeniya-i-naviki-organizovannoj-rechi-v-epistolyarnom-zhanre-pismo-formirovat-naviki-ispolzovaniya-yazikovih-osobennostej-zhanra.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/vodnom-lesu-zhili-raznie-zveri-zhili-oni-druzhno-i-vsegda-pomogali-drug-drugu-belki-srivali-oreshki-s-derevev-i-ugoshali-imi-zajchat-a-zajci-prinosili-belkam-vku.html
  • pisat.bystrickaya.ru/tamozhennie-preferencii-chast-9.html
  • studies.bystrickaya.ru/dugovaya-staleplavilnaya-pech.html
  • znanie.bystrickaya.ru/55-gazosnabzhenie-generalnij-plan-prigorodnogo-selskogo-poseleniya-obosnovivayushie-materiali.html
  • composition.bystrickaya.ru/otkritij-konkurs-na-opredelenie-podryadchika-dlya-vipolneniya-rabot-lot-1-vipolnenie-rabot-po-kapitalnomu-remontu-krovli-mnogokvartirnogo-doma-14-po-pr-bumazhnikov-v-g-segezha-stranica-10.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.